Күні кеше Самаган провинциясының Айбак қаласындағы Ауғанстанның ұлттық қауіпсіздік директоратының ғимараты жанында жойқын жарылыс болды. Соның салдарынан оннан аса адам қаза тауып, 50-ден астам азамат жараланды. "Талибан" радикалды қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған) содырлары шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.
Самагандағы жарылыстың алдында тәлібтер Кундуз бен Бадахшан провинцияларындағы бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасаған. Бірнеше күн бұрын Нангрхар провинциясындағы ауғандық әскерилерге де қастандық жасалды.