Қоғам

Аружан Саин әкімдердің әрекетін әшкереледі

© Sputnik / Абзал КалиевУполномоченный по правам ребенка в Казахстане Аружан Саин
Уполномоченный по правам ребенка в Казахстане Аружан Саин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Балалар омбудсменінің пікірінше, егер отбасының орташа есеппен 200 мың теңге кірісі мен оның үш баласы болса, онда олардың балаларының спортпен айналысуына мүмкіндігі жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Қазақстанда әкімдер балалардың дамуына қатысты президент тапсырмаларын елемейді. Бұл туралы балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, мемлекет басшысының балаларды тегін секциялар мен үйірмелермен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен қаржы бағыттау қажеттілігі туралы тікелей нұсқауы бар. Алайда, әкімдіктер мұны орындамайды.

"Өткен жылдың қыркүйек айында мен барлық әкімдерге балаларды тегін үйірмелер мен секциялармен қамту үшін мәдениет және спорт бөлімдеріндегі бюджеттің кем дегенде 60%-ін бөлу керек деп жаздым. Олар бұған мән бермей, президенттің бұйрығын толығымен орындаған жоқ", – деді балалар омбудсмені.

Саин сонымен бірге жергілікті атқарушы органдар бірқатар іс-шаралар тек қағаз жүзінде "жүргізіліп", бұл мақсатқа қомақты бюджет қаражаты жұмсалып жатқанын да айтты.

Қазақстандағы балалар омбудсменінің пікірінше, егер отбасының орташа есеппен 200 мың теңге кірісі мен оның үш баласы болса, онда ол балаларға шығармашылықпен және спортпен айналысуға мүмкіндік жоқ. Ай сайын үйірмелерге бару үшін 100 мың теңге кетеді.

Оқи отырыңыз: Теміртауда балалар үйінен жасөспірім жоғалып кетті

Сондай-ақ, ол спорттық нысандарға қызмет көрсету саласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тақырыбына тоқталды. Саин құрылыс жүргізуге мемлекеттік қолдау алатын кәсіпкерлер балалардың үйірмелер мен секцияларға тегін қатысуына мүмкіндік беруі керек деген пікір білдірді.

Ол мысал ретінде әр баланың дамуына жылына 7 мың доллар бөлетін Сингапур елін мысалға келтірді.

Айта кетейік, елде жарияланған алғашқы карантин кезеңінде Қазақстанда 4 миллионнан астам адам 42 500 теңгенің әлеуметтік төлемін алды. Олардың ішінде астаналықтар да аз емес. Ал 42 500 теңге бір айға жете ме? Нұр-Сұлтанның тұрғындары ол ақшаны қайда жұмсайды? Sputnik Қазақстан тілшісі осы сұрақтардың жауабын астаналықтардан сұрап көрген болатын.

Жаңалықтар
0