Қоғам

Қазақстанда жер реформасы жөнінде комиссия құрылады

© Sputnik / Рамиль СитдиковПапки с документами, архивное фото
Папки с документами, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жер кодексінің кейбір баптарына жарияланған мораторий 2021 жылы аяқталады. Негізгі мәселе айқындалды – жер шетелдіктерге сатылмайды

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин жер реформасы жөнінде комиссия құруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Ауыл шаруашылығы министрлігі осы аптаның соңына дейін жер реформасы жөніндегі комиссияны құру туралы шешім жобасын енгізсін. Комиссия жер ресурстарын одан әрі пайдалануға қатысты нақты ұсыныстар дайындауы қажет", - деді Мамин үкімет отырысында.

Тоқаев мораторий жарияланған Жер кодексі туралы: Бұл мәселеге енді оралмаймыз 

Бұған дейін президент Жер кодексінің жекелеген нормаларына қатысты түпкілікті шешім қабылдауды тапсырған болатын. Жер кодексінің кейбір баптарына жарияланған мораторий 2021 жылы аяқталады.

Мемлекет басшысы негізгі мәселе айқындалғанын жеткізді: жер шетелдіктерге сатылмайды.

Жер учаскелерін электронды форматта ұсыну

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жер қатынастары саласын цифрландыру туралы заң жобасының тұжырымдамасы әзірленгенін атап өтті.

"Ол жер учаскелерін электронды форматта тікелей ұсынуды көздейді. Талқылау аяқталғаннан кейін, заң жобасы осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін парламент мәжілісіне енгізіледі", - деді ол.

Сонымен қатар, ол төрт өңірде игерілмеген жерлерді ғарыштан мониторингілеу бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатқанын айтты.

"Пилоттық жобаның бірінші кезеңі жайылымдық алқаптар бойынша аяқталды. Екінші кезең егістік жерлер бойынша басталды. Ол жыл соңына дейін аяқталады", - деді министр.

Жаңалықтар
0