Қоғам

Денсаулық сақтау министрі балаларды қашықтан оқытуды ұсынды

© Sputnik / Владислав ВодневПланшет со страницей системы Күнделік
Планшет со страницей системы Күнделік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алексей Цой мектепте балалар індетке шалдығып, инфекцияны оқу орнынан тыс жерлерде таратуы мүмкін екенін ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Қазақстандық оқушылар жаңа оқу жылының бірінші тоқсанын қашықтан оқуы мүмкін. Вирустың таралуына жол бермеу үшін денсаулық сақтау министрлігі үкіметке осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мектепке барып оқу балалардың індетке шалдығуына және инфекцияның мектептен тыс таралуына әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.

Оқи отырыңыз: Оқушылар жаңа оқу жылында қалай білім алады – білім министрлігінің жауабы

"Өткір респираторлық вирустық инфекцияның маусымдық өсуі мен коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалдың күрделілігін ескеріп, оқу жылының бірінші тоқсанында шағын мектептерді қоспағанда, орта білім ұйымдарының барлық сыныбын қашықтан оқытуды қарастырған дұрыс деп санаймыз", - деді министр үкімет отырысында.

Ол инфекция ұйымдасқан ұжымдарда тез тарайтынын атап өтті. Тәжірибе көрсеткендей, жыл сайын өткір респираторлық вирустық инфекциямен ауыратындардың 70 процентін он төрт жасқа дейінгі балалар құрайды.

Жаңалықтар
0