Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.
15 шілдеге жоспарланған шаралар
11.00 – CTS Біліктілік орталығының "Жолдағы балалардың қауіпсіздігі" тақырыбындағы онлайн-дәріс. Дәрісті көліктік CTS мамандарының біліктілігін арттыру орталығының оқытушысы Дана Құлмаханова жүргізеді. Дәріс балалардың жазатайым жағдайлар мен жол-көлік оқиғаларынан жарақат алуының алдын алу мақсатында өткізіледі. Сонымен қатар, оқытушы балалардың қатысуымен болған жазатайым оқиғалардың негізгі себептерін айтып, талдау жүргізуде (Орталықтың Instagram парақшасындағы трансляциясы – @cts_kz).
16 шілдеге жоспарланған шаралар
09.00 – Жастардың 48 сағаттық хакатоны өтеді. Студенттер мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мобильдік қосымша әзірлейді. Хакатон 16-18 шілдеге жоспарланған. Онлайн-форматтағы хакатонға 16-22 жас аралығындағы студенттер, дизайнерлер, сарапшылар қатыса алады. Өтініш 10 шілдеге дейін мына сілтеме бойынша қабылданады.
12.00 – "Астана Опера" театрының "Дружная семейка струнных инструментов" концерті (Трансляция на TengriTV).
17 шілдеге жоспарланған шаралар
19.00 – "Астана Опера" театры әртістерінің орындауындағы "Корсар" балеті (Трансляция на TengriTV)
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.