Қоғам

Нұр-Сұлтанда ауқымды дезинфекция жұмыстары жүргізіледі

© Photo : Пресс-служба министерства обороны КазахстанаДезинфекция в Нур-Султане
Дезинфекция в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бас санитар дәрігердің қаулысына орай, сауда үйлері мен базарлар, ойын-сауық орталықтары мен басқа да көпшілік жиналатын орындардың басшылары жұмыс орындарында дезинфекция жүргізуі тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. 15 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында халық көп жиналатын орындарда (саябақ, сквер, гүлзар, жағалау және т.б.) ауқымды дезинфекция жүргізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Дезинфекция таңғы сағат 6-7-де басталады. Өңдеу кезінде қала тұрғындары адамдар көп жиналатын орындарға бармағаны жөн. Қаланы өңдеуге коммуналдық сала қызметтерімен бірге төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің және мамандандырылған компания қызметкерлері қатысады", - делінген хабарламада.

Дезинфекция жұмыстары жаяу және арнайы машиналардың көмегімен жүргізіледі.

Қалалық бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, сауда үйлері мен базарлар, ойын-сауық орталықтары мен басқа да көпшілік жиналатын орындардың басшылары да жұмыс орындарында дезинфекция жүргізуі тиіс.

Осы кезге дейін қалада барлығы 20 миллион шаршы метрден астам аумақта дезинфекция жасалды. Дезинфекциялау тұрақты түрде жүргізіледі.

Оқи отырыңыз: Тоқаев дезинфекция жасап жүрген жігітті таныды - видео

Айта кетейік, 5 шілдеден 2 тамызға дейін елімізде шектеу шаралары енгізілді. Қала тұрғындары санитария нормаларды қатаң сақтап, маска тағып, антисептик қолданып, әлеуметтік қашықтық сақтауы қажет.

Жаңалықтар
0