Қоғам

Жүгіруге шығып, жоғалып кетті: Ақмола облысында 14 жасар қыз іздестірілуде

© Photo : ДЧС Акмолинской области.На месте поисков
На месте поисков - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Жоғалған қызды отбасы мүшелері өздері күні бойы іздеп, нәтижесіз болған соң полицияға жүгінген

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Ақмола облысының Шортанды ауданында 2004 жылы туған қызды іздеуге екі жүзге жуық адам жұмылдырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

14 жастағы қыздың жоғалып кеткенін құтқарушыларға полицейлер хабарлады.

"2004 жылы туған жасөспірім үйден 12 шілде күні таңғы алтыда белгісіз бағытқа шығып кеткен. Әзірге оның қайда екендігі беймәлім",– делінген Ақмола облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз хабарламасында.

Жоғалған қызды отбасы мүшелері өздері күні бойы іздеп, нәтижесіз болған соң полицияға жүгінген.

"Жоғалған қыздың анасы оның Шортанды ауылындағы стадионға таңғы алтыда жүгіруге кеткенін айтты. Қырық минуттан кейін ұялы телефоны сөніп қалған",– дейді Шортанды ауданындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімше бастығының міндетін уақытша атқарушы Еламан Әзімбаев.

Оқи отырыңыз: Атырауда үйдің ауласындағы әжетханаға кеткен қыз із-түзсіз жоғалды

Құтқарушылар мен полицейлер, еріктілер мен аудан тұрғындарынан құралған 200-ге жуық адам қызды іздестіруде. Қосымша иісшіл иттер мен сүңгуірлер де жұмылдырылды. Ал олар Көкшетау қаласынан шақырылған.

Жаңалықтар
0