АЛМАТЫ, 14 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желіде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қаладағы орталық дәріханаға барған видеосы тарады. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі әкімнің дәрі-дәрмектерге қатысты жағдайды өз көзімен көргісі келгенін айтты.
Видеодан қала әкімінің Гоголь мен Назарбаев көшелерінің қиылысында орналасқан орталық дәріханада кезекте тұрған азаматтардың жанында тұрғанын көруге болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сағынтаев дәріханаға кіруге кезекте тұрған қала тұрғындарымен әңгімелесті. Жанында дәріхана қызметкері ілесіп жүр.
"Әкім дәріханалардағы жағдаймен танысты", - деп жауап берді Sputnik Қазақстан тілшісіне қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, кеше облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев қоймаларда дәрі-дәрмек жеткілікті екенін, дәріханаларда дәрілер жетпей жатса, аз уақытта жөнелтілетінін хабарлады.
"Өкінішке қарай, әлеуметтік желілерде әлі күнге дейін осы жағдайға байланысты хайп жасайтын адамдар бар. Біз жеткізуді шектемейміз. Бәріне жібереміз", - деді әкім орынбасары.
Алайда БАҚ беттерінде қала тұрғындарының дәріханалардан қажетті дәрілерді таба алмай жатқаны айтылып жатыр.