Қоғам

42 500 теңгеге қалай өтініш беруге болады

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге монеты стопка
Деньги, тенге монеты стопка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр азаматтарға күмәнді порталдарға өтініш жіберіп, алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды ескертеді

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. 17 шілдеден 42500enbek.kz, egov.kz және телеграмм боттар арқылы әлеуметтік жәрдемақыға өтініш беруге болады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өткен жолғыдай 42500enbek.kz сайты, egov.kz электронды үкімет порталы жұмыс істейді. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін телеграмм боттар іске қосылады", – деді Нұрымбетов онлайн брифингте.

Министр қазір Kaspi және Халық банктермен бірлескен жұмыс жүріп жатқанын атап өтті.

Осы орайда ол азаматтарға күмәнді порталдарға өтініш жіберіп, алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды ескертті.

Әлеуметтік жәрдемақыға өтініш беруге арналған сайттар 17 шілдеде іске қосылады. Ал дүйсенбі, 20 шілдеден министрлік төлем тағайындауға кіріседі.

Айта кетсек, Қазақстанда карантин 2 тамызға дейін ұзартылуына байланысты табысынан айырылған адамдарға шілде айына 42 500 теңге төленеді.

Оқи отырыңыз: Карантин жыл соңына дейін ұзарса, 42 500 теңге төлеу жалғаса ма – министр жауабы

Осы жолы жалақысыз еңбек демалысына шыққан жалдамалы жұмысшылар үшін өтінішті жұмыс беруші жібереді.

Ал жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өздері жолдайды.

Жаңалықтар
0