Қоғам

Бұл сұмдық трагедия – президент кеңесшісі Қазақстандағы жағдай туралы айтты

© Sputnik / Владислав ВодневОлжас Худайбергенов
Олжас Худайбергенов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент кеңесшісі үкімет отставкаға кеткен жағдайда кадрларды іріктеу ережелерін өзгерту керек деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Қазақстан президентінің штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов Қазақстанда болып жатқан жағдайды сұмдық трагедия деп атады.

"Менің немере ағам кеше қайтыс болды. Артында төрт баласы қалды. Сондай-ақ, бірер күн бұрын екі досымның әкесі, әріптесімнің анасы да көз жұмды. Ал бүгін тіптен қорқынышты, айналамдағы таныстарымның арасынан 11 адам қайтыс болды. Барлық хабарламалар түстен кейін келді. Бір сағат бұрын 11-ші адам туралы қаралы хабар жетті – мен танитын бір жақсы адам 39 жастағы жалғыз ұлынан айырылғанын білдім", – деп жазды Құдайбергенов Facebook-тегі парақшасында.

"Қазір болып жатқан жағдайлар – сұмдық трагедия. Ерте ме, кеш пе, біз және біздің жақындарымыз, бәріміз де өлім құшамыз. Бірақ қолдан келгеннің бәрін жасап адам қайтыс болса, жөні басқа ғой. Ал адамдар дәрі-дәрмек жетіспеушілігінен, тыныс алдыру аппаратының жоқтығынан немесе ауруханаға жату үшін дәрігер мен төсек-орын тапшылығынан мәселенің шешілгенін күтіп жатып көз жұмса, бұл – қасірет. Бұл италиялық сценарий емес. Бұл ондаған жыл бойы бюрократия мен жауапсыздық жемқорлыққа ұласқан осындай қайғылы статистика көрсететін біздің өз сценарийіміз", – деді Құдайбергенов.

Ол карантин салдарынан жұмысын жоғалтқан адамдарға үкіметтің әлеуметтік көмек көрсетпей жатқанын да сынға алды.

"Өте өкініштісі сол, дәрі-дәрмекке соңғы ақшасын жұмсап жатқан немесе оны кез-келген пайызбен қарызға алатын адамдар бар. Ал біздің үкімет төлем жасау үшін құқықтық негіздерді көрмейді. Сол сияқты "осындай көзқарастағы" үкімет өз жұмысын жалғастыруының моральдық негізін адамдар көрмей жатыр",– деді Құдайбергенов.

Президент кеңесшісі өз жазбасында үкімет отставкаға кеткен жағдайда кадрларды іріктеу ережелерін өзгерту керек деп санайтынын білдірді.

Оқи отырыңыз: Коронавирус ауа арқылы таралуы мүмкін - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

"Бірақ үкімет отставкаға кетсе де, сол ережеге сай жаңа адамдарды таңдау ештеңені өзгертпейді. Сондықтан да, жаңа адамдар мен жаңа ережелер болуы керек. Содан кейін эпидемияның келесі толқыны осыншалықты қайғылы болмауы мүмкін", – деді ол.

Айта кетейік, 13 шілде Қазақстанда коронавирус эпидемиясына байланысты ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Жаңалықтар
0