Өңірлер

Коронавирус індеті: Маңғыстауда науқастар үшін аса қажет құрылғы жасалды

© AP Photo / David J. PhillipВрач в защитном костюме закрыл глаза
Врач в защитном костюме закрыл глаза - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Өзенмұнайгаз" компаниясының инженерлері Бобров аппаратының баламасын құрастырып шығарғаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Маңғыстауда мұнай компаниясының инженерлері Бобров аппаратының баламасын құрастырды.

Нәтижесі тиімді болғандықтан, мекеме мамандары 100 құрылғы дайындауға кірісті.

"Медицина қызметкерлерінің ұсыныстары бойынша инженерлер қолданыстағы құрылғыны қайта жарақтандыру арқылы "Бобров" аппаратының аналогын әзірледі. Бүгінгі күні 25 құрылғы жасалды. Провизорлық бөлімшелерге үлестіріліп, пневмония диагнозы бар науқастарды емдеуге пайдаланылмақ", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ (@akimat_mangystau)

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов өңірде 1 025 адам пневмониядан емделіп жатқанын айтты. Күніне 300 адам дәрігер көмегіне жүгінеді. Облыста 70 адам пневмониядан көз жұмғаны хабарланған болатын.

Маңғыстауда 2 049 адамда COVID-19 расталды, 1 214 адам жазылып шықты, 12 адам қайтыс болды.

Бобров құрылғысы таза оттегіні ылғалдандыру үшін қолданылады. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев оралдық кәсіпорындардың бірі осындай құрылғы шығара бастайтынын айтқан болатын.

Жаңалықтар
0