Қоғам

Бір минут үнсіздік: Тоқаев пандемия құрбандарын еске алды – видео

© Sputnik / Владислав ВодневРезиденция президента Казахстана Акорда
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен лауазымды тұлғалар Ақорда резиденциясының алдына коронавирус пандемиясы құрбандарын еске алу үшін жиналды 

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Сағат 12.00-де бүкіл Қазақстанда бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен лауазымды тұлғалар Ақорданың алдында коронавирус пандемиясы құрбандарын еске алды.

Рәсім республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетілді.

Дүйсенбі, 13 шілде республикада COVID-19 пандемиясынан көз жұмғандарды ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Елімізде мемлекеттік тулар төмен түсіріліп, ойын-сауық шаралары тоқтатылды, телерадио хабар тарату желісі өзгертілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір қазақстандық қайда жүрсе де, марқұмдарды еске алуға құрметпен қарайтынына сенім білдірді.

Сондай-ақ, президент өзінің өзінің твиттердегі парақшасында мұндай сынақты тезірек еңсеруге сенім артып, жазба жариялады.

"Біз бүгін індеттен қаза болған отандастарымызды еске алып, тағзым етеміз. Қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында бұл сынақты тезірек еңсереміз деген сенімдемін",– деді Тоқаев.

Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустан қайтыс болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.  Әрбір кісі өлімінің артында қара жамылған біраз адамның ­– әкелер мен аналардың, қыздарымыз бен ұлдарымыздың, дос-жарандарымыздың қайғы-қасіреті тұр, деп атап өтті ол.

Оқи отырыңыз: Тәуелсіздік жылдарындағы қайғылы оқиғалар – 9 рет аза тұту күні жарияланды 

Қазақстанда пандемия басталғалы бері 60 мыңға жуық адам COVID-19 індетін жұқтырды, 34 мыңнан астам адам сауығып шықты. 375 науқас қайтыс болды.

Коронавируспен қатар елде пневмония өршіп тұр. 2020 жылы маусымда Қазақстанда 628 адам пневмониядан қайтыс болды.

Жаңалықтар
0