Қоғам

Атырауға ресейлік дәрігерлер көмекке келе бастады

© REUTERS / ALAA AL-MARJANIМедики в защитных костюмах в коридоре больницы с коронавирусом
Медики в защитных костюмах в коридоре больницы с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейден келген алты дәрігер Қазақстанның батыс аймағында тамыз айына дейін жұмыс істеуді жоспарлап отыр

АЛМАТЫ, 13 шілде – Sputnik. Қазақстандағы науқастарды емдеуге көмек көрсету үшін Ресейден келген дәрігерлердің алтауы Атырау облысына барды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Нұр-Сұлтан қаласынан келген ресейлік дәрігерлерді қабылдап, аймақта қалыптасқан ахуалды түсіндіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

"Елімізде қазір коронавируспен бірге пневмония дерті де ушығып тұр. Шілдеде облыстық аурухана жанынан 400 орын бар инфекциялық стационар ашылады. Сонымен қатар Құрманғазы ауданынан да қосымша орындар жасақталып жатыр", - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, облыс әкімі аймақ қажетті стационарлық орын мен дәрі-дәрмекпен және құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілетінін айтты.

"Бастысы осы жасақталып, ашылып жатқан орындарда науқастарды емдейтін дәрігерлер керек. Жылдар бойы келе жатқан медициналық мамандар тапшылығы қиын кезде анық байқалды", - деп атап өтті Досмұхамбетов.

Аймақ басшысы жақын күндері Ресейдің Астрахан облысынан тағы бес дәрігер маман келетінін айтты.

"Пандемиямен күреске жұмылдырылған барлық дәрігердің жағдайы жасалып жатыр және жан-жақты қолдау жалғаса береді",- деді ол.

Айта кетейік, ресейлік дәрігерлер Атырауда үшінші тамызға дейін жұмыс істейді. Сонымен қатар Атырауға интернатурада оқып жатқан 100-ден астам жас маман медицина саласына тартылады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Атырау облысына қандай көмек көрсетілетінін айтты

Өткен аптада Қазақстанға Ресейден 32 маман келді. Олардың арасында реабилитолог, инфекционист, пульмонолог, эпидемиолог дәрігерлер бар. Делегация басшысы – Ресейдің денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гриднев. Ресейлік дәрігерлер Қазақстанда қанша қажет болса, сол уақытқа дейін жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Олар Қазақстан бойынша дәрігерлерге кеңес беріп, жергілікті жерлерде, соның ішінде өңірлерде жұмыс істеп жатыр.

Жаңалықтар
0