Өңірлер

Байғабылов Атырау облысының бас санитар дәрігері қызметіне тағайындалды

© Photo : СЦКРуководитель столичного департамента охраны общественного здоровья Садвакас Байгабулов
Руководитель столичного департамента охраны общественного здоровья Садвакас Байгабулов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін ол көліктегі бас санитар дәрігер қызметін атқарған болатын. Жаңа қызметіне кіріскен Байғабылов Атырау облысындағы дәрі-дәрмекке қатысты пікір білдірді

АЛМАТЫ, 13 шілде – Sputnik. Сәдуақас Байғабылов Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері болып тағайындалды. Бұған дейін ол көліктегі бас санитар дәрігер қызметін атқарды.

"Бүгін аймақтағы коронавирус инфекциясы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында мені Атырау облысының бас санитар дәрігері етіп тағайындады",- деп түсіндірді Sputnik Қазақстан тілшісіне Байғабылов.

Байғабылов әр жылдары Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Жаңа қызметіне кіріскен Байғабылов Атырау облысындағы дәрі-дәрмекке қатысты пікір білдірді.

"Облыста 314 дәріхана бар, оның 223-і қалада орналасқан. Олар дәрілер мен медициналық мақсаттағы заттарды бөлшек саудада өткізу бойынша жұмыс істейді. 7 шілдеде "Іңкәр" ЖШС көтерме қоймасы 220 миллион теңгеге 430 дәрі-дәрмек түрін әкелді. Оның ішінде антибиотиктер (азитромицин, цефазолин, цефтриаксон) және метрид, сондай-ақ дене қызуын түсіретін және қабынуға қарсы дәрілер бар", - деді Байғабылов.

13 шілдеде облыстың 145 дәріханасына ең қажетті дәрі-дәрмек жеткізілді, деп толықтырды ол.

Оның айтуынша, өңірде карантиндік шаралардың, шекті бағалардың сақталуын және дәрі-дәрмектің бағасына қатысты алыпсатарлыққа жол бермеуді тексеретін мемлекеттік органдардан бақылаушы мобильді топ құрылған.

Атырау облысында 7 928 адамнан COVID-19 инфекциясы табылды, 4 766 адам сауығып шықты.

Бұған дейін Ресейден келген алты дәрігер Атырауда емделушілерге көмек көрсету үшін облысқа барды. Сонымен қатар өңірге COVID-19-ға қарсы күрес жүргізу үшін жүз отандық маман жіберіледі.

 

Жаңалықтар
0