Дерекқор

Тәуелсіздік жылдарындағы қайғылы оқиғалар – 9 рет аза тұту күні жарияланды

© ИА Новости-КазахстанПриспущенные флаги на зданиях в связи с трауром в Казахстане, архивное фото
Приспущенные флаги на зданиях в связи с трауром в Казахстане, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық аза тұту кезінде мемлекеттік ту аза тұту мерзімі аяқталғанша тутұғыр биіктігінің жартысына дейін түсіріледі  

Шахтадағы қайғылы жағдай

2006 жылдың 20 қыркүйегінде Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада метан жарылғаннан кейін Қазақстанда аза тұту күні жарияланды. Ол жерде өрт шығып, 41 кенші қаза тапқан болатын.

Жарылыс желдету құбырларын ауыстыру кезінде қауіпсіздік техникасының бұзылуына байланысты туындаған. Қайғылы оқиғадан кейін алты жұмысшы сотталды.

Метан жарылысы

Қарағанды облысы Абай қаласындағы шахтада 2008 жылдың 11 қаңтарында 30 шахтер қаза тапты.

Жарылысқа технологияның бұзылуы себеп болды. Төтенше жағдайды тексеру барысында өнеркәсіптегі қауіпсіздікті бақылауға жауапты екі шенеунік қызметінен айырылды.

Қарағанды облысында қаза тапқандарға үш күндік аза тұту күні жарияланды.

Қызылағаш бөгетінің бұзылуы

2010 жылдың 11 наурызында Қызылағаш бөгетінің бұзылуы қазіргі Қазақстан тарихындағы ең жойқын су тасқынының бірі болды. Қайғылы оқиға салдарынан 45 адам қаза тапты, оның ішінде 11 бала бар.

16 наурызда елде аза тұту күні жарияланды.

Қанды Арқанкерген

2012 жылы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев "Арқанкерген" шекара бекетінде қазақстандық шекарашылардың қаза болуына байланысты 2012 жылдың 5 маусымында ұлттық аза тұту күнін жариялады.

Алматы облысы Алакөл ауданында "Арқанкерген" шекара бекетінде 14 шекарашы және қорықшы 28 мамырда шекара бекетінде қаза тапты. Бұл туралы жұртшылық оқиғадан екі күн өткен кезде білді. Қылмысқа сол оқиғадан жалғыз аман қалған шекарашы Владислав Челах кінәлі деп танылды.

Шымкенттегі ұшақ апаты

2012 жылы 25 желтоқсанда Шымкент үстінен ұшып бара жатқан АН-72 ұшағы апатқа ұшырады. Борт ішінде шекарашылар болған. Ұшақта барлығы 27 адам болды, оның жетеуі – экипаж мүшесі. Барлығы қайтыс болды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен 27 желтоқсанда ұлттық аза тұту күні жарияланды.

Алматы маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

2013 жылдың 31 қаңтарында қаза тапқандарға ұлттық аза тұту күні жарияланды.

Алматы облысының Қызылту кентінде Көкшетау-Алматы рейсін орындаған Chellenger-200 ұшағы апатқа ұшырады. 16 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі қаза болды.

Қазақстан президенті Ақордада құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізу барысында әуе апатынан көз жұмғандардың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

Ақтөбедегі теракт

2016 жылдың бесінші маусымында бір топ адам екі қару-жарақ дүкені мен Ақтөбе әскери бөліміне қарулы шабуыл жасады. Лаңкестердің шабуылынан сегіз адам көз жұмды, оның үшеуі – әскери қызметші.

Ақтөбе қаласында жасалған террорлық актінің салдарынан әскери қызметшілер мен азаматтық тұлғалардың қаза болуына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдың 9 маусымын Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Bek Air ұшағының құлауы

2019 жылдың 27 желтоқсанында таңғы сағат  07:22-де Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы көп ұзамай Талғар ауданындағы елді мекенге құлады.

Ұшақ ішінде 93 жолаушы, бес экипаж мүшесі болған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын Алматы маңындағы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы кезінде адамдардың қаза болуына байланысты жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Коронавирус құрбандарын аза тұту

2020 жылдың 13 шілдесі мемлекет басшысының өкімімен Қазақстанда коронавирус індетінен қайтыс болғандарды ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қандай жағдайда ұлттық аза тұту күні жарияланады

Қазақстанда ұлттық аза тұту күндері ірі қайғылы оқиғалар салдарынан қаза тапқандардың құрметіне жарияланады.

Қазақстанда ұлттық аза тұту күнін республиканың президенті жариялайды. Аза тұтуды жариялау үшін нақты талаптар жоқ, шешім нақты жағдайға байланысты қабылданады. Әдетте, адамдардың жаппай қайтыс болуы, теракт және басқа да қайғылы оқиғалар мен жоғары қызметтегі қайраткерлердің қазасына байланысты жарияланады.

Аза тұту бір және бірнеше күнге жариялануы мүмкін.

Қазақстанда аза тұту күндері мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, шетелдік дипломатиялық мекемелердің ғимараттарындағы мемлекеттік ту түсіріледі. Ойын-сауық іс-шаралары мен телебағдарламалар тоқтайды.

Жаңалықтар
0