Қоғам

Қазақстанда аза тұту күнінде бір минуттық үнсіздік жарияланады

© Минобороны РКДень траура в Казахстане
День траура в Казахстане  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті 13 шілдені коронавирус ауруынан қайтыс болғандар үшін ұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Президент кеңесшісі Ерлан Карин 13 шілдеде ұлттық аза тұту күніне орай, бір минуттық үнсіздік жариялау туралы шешім қабылданғанын хабарлады.

"13 шілде жалпыұлттық аза тұту күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады", – деп жазды ол өзінің facebook-тегі парақшасында.

Бұған дейін Қазақстан президенті 13 шілдені коронавирус ауруынан қайтыс болғандар үшін ұлттық аза күту күні деп жариялаған болатын.

"Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын", – деді Тоқаев.

Аза тұту күні қай кезде жарияланады

Қазақстанда ұлттық аза тұту күні қайғылы оқиға салдарынан қаза болғандарды еске алу үшін жарияланады.

Ұлттық аза тұту күнін республика президенті жариялайды. Аза тұту күнін жариялаудың нақты талабы жоқ. Шешім нақты жағдайға байланысты қабылданады. Әдетте, кісі өлімі көп тіркелсе, терактілер мен басқа да қайғылы оқиғалар, аса көрнекті қайраткерлер өмірден озғанда жарияланады.

Аза тұту күні бір күннен бірнеше күнге созылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Тоқаев жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы жарлыққа қол қойды

Қазақстанда аза тұту күні мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары, шекаралық дипломатиялық мекемелер ғимаратындағы мемлекеттік ту төмен түсіріледі. Көңіл көтеретін шаралар мен телебағдарламалар тоқтатылады.

Жаңалықтар
0