Өңірлер

"Беті қан-қан": Сарыағашта тұрмыстағы келіншекпен көңіл қосқан жігіт өлім құшты

© Sputnik / Табылды КадырбековДрака, архивное фото
Драка, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Марқұм тұрмыстағы келіншекпен байланыста болған. Мұны қыздың әкесі біліп қалып, жергілікті қылмыс әлемінің серкелерін шақырған

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Түркістан облысының тұрғыны Болат Баймұрзаев жергілікті полицияның жұмысына өкпелі. Өйткені, 27 жасар інісі Әуезханды көз алдында өлімші етіп сабаған қылмыскерлер әлі күнге жазасын алмай жүр.

Әділдік іздеген жігіт ағасы ішкі істер министрі мен бас прокурордан көмек сұрап отыр, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

"Жергілікті қылмыс әлемінің серкелері жиналып, Әуезханның қол-аяғын байлап, аяусыз соққыға жықты", - дейді Болат Баймұрзаев.

Бұл жағдай биыл мамырда болған. Шағымданушының айтуынша, марқұм тұрмыстағы келіншекпен байланыста болған. Мұны қыздың әкесі біліп қалып, жергілікті қылмыс әлемінің серкелерін шақыртыпты. Сөйтіп, Әуезхан соққыға жығылған. Марқұм ауруханада төрт күн ес-түссіз жатып көз жұмыпты.  

"Барған кезімде бетін қан жуып кеткені соншалықты, түрі көрінбеді. Бірақ есін біліп жатты. Көзімше ұрды. Олар алты адам болды. Оған ешқандай көмек бере алмадым", - дейді марқұмның ағасы.

Полиция төбелеске қатысы бар екі күдіктіні ұстапты. Қалған төртеуі куәгерге айналған. Арызданушы інісімен байланыста болған келіншек пен оның әкесін де жауапқа тарту керек, деп отыр.

"Сарыағаш қаласының АІІБ-нің полиция қызметкерлері бұл істі бұрмалап жатыр. Інімнің сол жақ иығында пышақ ізі болды. Сараптамада олардың ешқайсысы көрсетілмеген", - дейді ол.

Алматыда баланы өлтірген өгей әкенің сотына бет-аузын тұмшалаған біреу кіріп келді

Полиция департаменті болса, бұл істің жіті қаралып жатқанын алға тартты.

"Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу" баптары бойынша іс қозғалған. Болат Баймұрзаевқа інісінің өліміне себепші болған бұзақылар қысым көрсетіп жатқан көрінеді.  

"Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов мырза, Сіздерден осы қылмыстық істі қадағалауды сұраймын. Себебі Сарыағаш қаласының ішкі істер қызметкерлері бізді қорғап ала алған жоқ. Мына істі әділ жүргізбеді. Қазір өз өміріме алаңдаймын", - деп үндеу жасады Болат Баймұрзаев.

Жаңалықтар
0