НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Ақтауда жалдамалы пәтердің бірінде күштеп кепілге алынған әйел босатылды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған lada.kz.
Оқиға бүгін, 11 шілде күні болған.
Сағат 03:00-де полиция бөліміне түнгі тыныштықтың бұзылғаны туралы хабарлама түскен.
Куәгерлер оқиға 6 шағын аудандағы 40-үйде болғанын мәлімдеген.
Тексеру барысында белгісіз екі ер адам мас күйде әйелді жалдамалы пәтерде күштеп ұстап отырғаны белгілі болды.
"Күдіктілер әйелге физикалық күш қолдану арқылы қорқытып ұстаған. Полицейлер келіссөзінен кейін ол кепілден босатылды. Ал қаскөйлер қалалық полиция бөліміне жеткізілді", – делінген хабарламада.
Қазіргі кезде осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.