Қоғам

Сағынтаев Алматыда ашылатын жаңа емдеу орталықтары туралы айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинМедик в защитном костюме идет по коридору инфекционного госпиталя в Алматы
Медик в защитном костюме идет по коридору инфекционного госпиталя в Алматы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шілде айында Алматы қаласында қонақ үйлер мен сауықтыру орталықтары және жатақханалар қосымша емдеу нысандары ретінде ашылады

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев COVID-19 індетінен пациенттерді емдеу үшін ашылатын қосымша орындар туралы айтты.

Сағынтаев науқастарды емдеуде госпиталь ретінде пайдаланылатын Halyk Arena-дағы дайындық жұмыстарымен танысты.

"Halyk Arena-да 1 мың орынға арналған, соның ішінде реанимациялық 60 орын ашылады. Дайындық барысында санитарлық қауіпсіздіктің ең қатаң талаптары ескерілуде. Таза және лас аймақтарға арналған шлюздер мен туннельдер, желдету және зарарсыздандыру жүйелері орнатылды. Кезең-кезеңімен медициналық жабдықтар қойылады. Дәрігерлік бригадалар дайындалуда", - деп жазды әкім Instagram парақшасында. 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Сондай-ақ, ол жақын күндері Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығының базасында 150 орынға арналған инфекциялық стационар ашылатынын айтты. Сонымен қатар, қоғамдық денсаулық басқармасы орналасқан ОҚК корпусында қосымша орындар ашылады.

"Жұқпалы аурулар ауруханасында да қосымша орындар ашу көзделген. Қазір қауіпті індетті жұқтырған науқастарды емдеу үшін 4 669 орынға арналған 21 медициналық ұйым жұмыс істейді. Қабылданған шаралардың арқасында мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қажетті орындар резерві құрылатын болады", - деді Сағынтаев.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен ауырғанда қандай халық емін қолдануға болмайды?

Алдағы бір ай ішінде Алматыда коронавирус дертімен ауырғандарды емдеу үшін қонақ үйлер мен сауықтыру орталықтары және жатақханалар қосымша емдеу нысандары ретінде ашылады деп жоспарланған.

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша Алматы қаласында 7 118 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Жаңалықтар
0