Қоғам

Қазақстандықтар көшеде де бетпердемен жүру керек екені айтылды

© AFP 2024 / MARVIN RECINOSМолодые люди в защитных масках и очках выстроились перед входом в здание
Молодые люди в защитных масках и очках выстроились перед входом в здание - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір кейбір ғалымдар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына вирустың жұғу жолдарын қайта қарау туралы үндеу жасап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Қазақстандық дәрігерлер азаматтарға тек қоғамдық орындарда ғана емес, көшеде де бетперде тағып жүруге кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Қазір кейбір ғалымдар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына вирустың жұғу жолдарын қайта қарау туралы үндеу жасап жатыр. Олар зерттеу жүргізіп, вирустың ауада қалықтап, аэрозольды жолмен жұғатынын анықтаған. Сол себепті біз масканы көшеде де тағып жүру қажеттігін ескертеміз", - деді медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, Нұрила Малтабарова онлайн брифингте. 

Айтуынша, қазір адамдар далада бетперде тақпайды. Тек қоғамдық орындар мен дүкенге барғанда ғана киеді. 

"Біз осы зерттеулерді ескеріп, масканы тек көпшілік жиналатын орындарда емес, көшеде де шешпеуге кеңес береміз", - деді ол.

Тағы оқыңыз: "Халық сенбей отыр": Айнұр Тұрсынбаева Тоқаевқа үндеу жолдады

Жаңалықтар
0