Өңірлер

Өзен бойында демалып жүрген қария 130 мың теңгесін ұрлатты    

CC0 / pixabay.com / Человек у банкомата, иллюстративное фото
Человек у банкомата, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысының тұрғыны жақын таныс емес адамның сөмкесіне картасы мен оның құпия сөзі бар конвертті салып қойған

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Алматы облысында банк картасынан ақша ұрлау дерегі әшкереленді.  

Көксу ауданы полициясының кезекші бөліміне 64 жастағы ер адам хабарласып, 130 мың теңге ақшасы қолды болғанын айтқан, деп хабарлады Polisia.kz.

Зардап шегуші ұрланған картасын өз бетінше іздеген, алайда ол әрекетінен түк шықпапты.  

Алдын ала тексеру барысында тәртіп сақшылары карта иесінің өзен бойында екі күн демалғанын және жақын таныс емес адамның сөмкесіне картасы мен оның құпия сөзі бар конвертті салып қойғанын анықтаған. Бейтаныс жан оқиға орнынан белгісіз бағытта із суытқан.

Полицейлер жедел іздестіру шаралары барысында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Алматы қаласының 22 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті карта мен құпия сөзін алған соң картадағы барлық соманы шешкенін және өз қажеттілігіне жұмсағанын мойындады.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0