НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке елдегі ахуалды жақсартуға екі апта уақыт берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қалыптасқан ахуал екі аптадан кейін жақсарады деп үміттенемін. Олай болмаған жағдайда, жалпы үкіметтің осы құрамда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселе туындайды", – деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Cондай-ақ, президент елдегі цифрландыру қызметін сынға алды.
"Бұл мәселеге қатысты үкімет тарапынан да өрескел қателіктер жіберілді. Мұны ашық айту керек. Дағдарыс кезінде цифрландыру қызметінің рөлі мүлде байқалған жоқ. Цифрлық комиссарлар қандай жұмыс бітіріп жатыр", – деді ол.
Оқи отырыңыз: "Намысымыз қайда?": Тоқаев үкіметке шүйлікті
Сонымен қатар, Тоқаев үкімет пен әкімдер қабылданған шараларды халыққа тиісті деңгейде түсіндіре алмай жатқанын айтты.