НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет мүшелеріне демалысқа шығуға тыйым салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жаздың жартысы өтіп кетті. Министрлер, әкімдер, президент аппаратының қызметкерлері болсын – ешқандай демалыс жоқ, өйткені елде төтенше жағдай орын алып отыр. Еңбек демалысы, демалыс деген сөздерді ұмытыңдар", – деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президент кейбір әкімдерге сөгіс жарияланып, ескерту жасалғанын еске салды.
"Жалпы мұндай жазаға бүкіл облыс басшылары мен министрлер лайық", – деді мемлекет басшысы.
Оқи отырыңыз: Президент бірқатар басшыны жұмыстан босатуды тапсырды
Тоқаев Қазақстан әлеуметтік-экономикалық дамудың күрделі кезеңінде тұрғанын айтты. Үкімет пен әкімдер тарапынан дағдарыстан шығу үшін батыл әрі жанкешті іс-қимыл қажет.