НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес саласында жіберілген қателіктер мен олқылықтарды анықтайтын комиссия құруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жіберілген қателіктер мен олқылықтарды анықтайтын арнайы комиссия құру қажет. Бұл комиссия қазіргі ортақ жұмысқа кедергі жасамай, тексеріс жүргізіп, маған ұсыныс беруі керек", – деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрлігінің өрескел қателіктер жібергенін, ал әкімдердің көпшілігі жұмысын тиісті деңгейде атқармағанын жеткізді.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы экс-министр Елжан Біртановтың қателігін айтты
Президент пікірінше, үкімет те дұрыс бақылау жүргізбеген.