Өңірлер

Өскеменнің бас полицейі қайтыс болды

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицейский
Полицейский - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәуір Ыбыраев 2016 жылдан бастап Өскемен қаласы полиция басқармасының бастығы қызметін атқарды. Қызмет жолында Бородулиха және Шемонаиха аудандарының ішкі істер бөлімдеріне басшылық етті

АЛМАТЫ, 9 шілде – Sputnik. Өскемен қаласы полиция басқармасының бастығы Дәуір Ыбыраев қайтыс болды. Қаралы хабарды Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция полковнигі Дәуір Ыбыраев 1978 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Ведомстволық жоғарғы оқу орнын тәмамдаған соң Шығыс Қазақстан облыстық полициясының жедел-тергеу бөлімшелерінде жұмыс істеді. Қызмет жолында Бородулиха және Шемонаиха аудандарының ішкі істер бөлімдеріне басшылық етті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новости Усть-Каменогорска (@vko.oskemen1)

2016 жылдан бастап Өскемен қаласы полиция басқармасының бастығы қызметін атқарды.

"Қызмет барысында өзін жоғары дәрежедегі маман және білікті офицер ретінде көрсетті. Қоғамдық тәртіпті сақтауға, қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге елеулі үлес қосты", - делінген хабарламада.

Дәуір Болатұлы кәсібилігі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында әріптестері мен азаматтардың құрметіне ие болды, деп толықтырды ведомство.

Жаңалықтар
0