Қоғам

Үйде емделген 17 мың адам сауығып шықты

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуРтутный градусник для измерения температуры, архивное фото
Ртутный градусник для измерения температуры, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл аурудың жеңіл түріне, тіпті пневмонияға шалдыққан науқастарды үйде емдеу туралы шешім қабылданған кезеңдегі, яғни 3 маусымнан 8 шілдеге дейінгі дерек

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Қазақстанда эпидемия басталғалы бері коронавирус инфекциясынан 34 149 адам жазылды. Оның жартысынан астамы немесе 17 221 адам үйде емделді, деп хабарлады шұғыл штаб.

Оқи отырыңыз: Дәрігер үй жағдайында ішуге болмайтын дәрілерді атады

Коронавирус індетінен амбулаторияда емделіп шыққандар туралы мәлімет:  

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 1621,
  • Алматы қаласы – 1553,
  • Шымкент қаласы – 1410,
  • Ақмола облысы – 633,
  • Ақтөбе облысы – 433,
  • Алматы облысы – 928,
  • Атырау облысы – 3030,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 666,
  • Жамбыл облысы – 486,
  • Батыс Қазақстан облысы – 1689,
  • Қарағанды облысы – 1918,
  • Қостанай облысы – 345,
  • Қызылорда облысы – 376,
  • Маңғыстау облысы – 686,
  • Павлодар облысы – 299,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 806,
  • Түркістан облысы – 342.
Жаңалықтар
0