Қоғам

"Коронавирустан құтқарады": иммундық плазма қай кезде құйылады

© REUTERS / THOMAS PETERМедик расставляет пробирки с анализами на коронавирус
Медик расставляет пробирки с анализами на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Иммундық плазманы құю шаралары тек стационарда ғана жасалады. Себебі бұл өзге адамның қаны, оны дәрігер үнемі бақылап тұру керек

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан жазылған адамдардың қанын ем-домға пайдалану тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министр Ажар Ғинияттың айтуынша, бүгінде кез келген қан орталығы иммундық плазманы жинай алады. Оған қажетті техникалық құрал мен кәсіби мамандар бар. Осы уақытқа дейін республика бойынша иммундық плазманың 420 дозасы әзірленді. Ауруханалар тапсырысы бойынша 200-ден астам доза таратылды. Иммундық плазма, көбінесе, ауыр жағдайда жатқан науқастарға салынады.

"Иә, ем-домның бұл түрі ауыр науқастарға қолданылады. Мәселен, 56 науқасқа иммундық плазма құйылды. Әрине, онымен бірге интенсивті терапия да жүргізіледі, вирусқа қарсы препараттар беріледі. Осы санаттағы науқастардың басым бөлігі – перзентханада ауыр жағдайда жатқан әйелдер және инфекциялық станционардың науқастары. Ондай шарадан кейін 56 пациенттің 90 процентінің жағдайы жақсарып, үйге жіберілді", - деп атап көрсетті Ғиният.

Оның сөзіне қарағанда, иммундық плазманы құю шаралары тек стационарда ғана жасалады. Себебі бұл өзге адамның қаны, оны дәрігер үнемі бақылап тұру керек.

"Қан құйғанда сан алуан реакция болады. Тіпті, анафилаксиялық шок болуы да мүмкін. Сондықтан ондай процедуралар дәрігердің жіті бақылауымен жасалады. Сосын иммундық плазманы ауру асқынғанда, вирустар қатты көбейіп кеткен кезде қолданады. Мәселен, ауыр науқас ауруханаға түскенде оған иммундық плазма салуға болады. Ал вирус өкпеге кетіп қалса, плазма айтарлықтай көмектеспейді", - деп атап көрсетті Ғиният.

Жаңалықтар
0