Қоғам

COVID-19: дәрігерге дер кезінде бармау неге әкеп соғады

© Sputnik / Владислав ВодневВрач беседует с пациентом в больнице с коронавирусом в Нур-Султане
Врач беседует с пациентом в больнице с коронавирусом в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өкпесінің 30-50%-і зақымданған қазақстандықтарға үйде ем алу ұсынылды. Ал азаматтар дәрігерлерден, тіпті, телефон арқылы да кеңес ала алмай отырғанын айтып шағымданды

АЛМАТЫ, 9 шілде – Sputnik. Коронавирус инфекциясы кезінде медициналық көмекке дер кезінде жүгіну қажет. Дәрігерге кеш бару науқас жағдайының нашарлауына әкеліп соғуы мүмкін, деп мәлімдеді Sputnik Қазақстан тілшісіне Одинцово облыстық ауруханасының анестезиология және реанимация орталығының басшысы Денис Цветков.

Реаниматолог Қазақстанға коронавирус пандемиясын жеңуге көмектесу үшін Ресейден келген дәрігерлер тобының құрамында болған. Ол жағдайы ауыр науқастармен жұмыс істейді. Сонымен қатар өңірлердегі қазақстандық дәрігерлерге видео арқылы кеңес береді. Цветков қазір дәрігерлердің науқасты жасанды тыныс алу аппаратына дейін жеткізбеуге тырысып жатқанын атап өтті.

"Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған науқастардың жазылу көрсеткіші барша әлемде бірдей. Ең жақсы дегені – 20%, ең шынайы көрсеткіш – 10-15%. Жасанды тыныс алу аппараты адамды өлтірмейді. Алайда бұл аппаратқа өкпесі қатты зақымданған науқастар қосылады. Олардың жағдайы ауыр болатыны соншалық, тыныс алатын өкпе тіндері мүлде қалмайды",- деп түсіндірді Цветков.

Жасанды тыныс алу аппараты өкпені ұзақ уақыт бойы протездейдІ. Бірақ вирусты пневмония кезінде өкпе тіні ол уақыт аралығында қалпына келіп үлгермейді.

"Қазір жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандардың саны аз. Себебі барлығы науқастарды аппаратқа қосудың міндетті емес екенін біледі. Міндет науқаста пайда болатын цитокинді дауылды (гиперцитокинемия) тоқтатып, өкпе тінінің зақымдануын азайту екенін түсінеді. Ал жасанды тыныс алу аппараты өкпенің қалпына келуі үшін уақыт ұтуға мүмкіндік береді. Алайда вирустық зақымдану кезінде олай емес", - деп атап өтті реаниматолог.

Реаниматологтар сауығып кету үшін ертерек медициналық көмекке жүгіну қажет деп санайды.

"Дәрігерге кеш қаралу жағдайды ушықтырады. Жоғары температурамен апталап үйде отыру және өз күшімен емделу салдарынан жасанды тыныс алу аппаратына қосуға тура келеді",- деді ол.

Қазақстанда хаттамаға сәйкес, өкпенің 30-50% зақымданған пациенттерді амбулаториялық жағдайда емдейді. Кейбірі өзінің жағдайының қаншалықты ауыр екенін де білмейді. Себебі компьютерлік томография мен өкпе рентгенін жасай алмайды.

"Бұл жағдайға байланысты қандай да бір пікір айту қиын. Біз күн сайын стационарда болып, науқастардың қалай түсіп жатқанын, медицина қызметкерлерінің науқастармен қалай жұмыс істеп, толық медициналық көмек көрсетіп жатқанын көріп отырмыз. Сол себепті амбулаториялық ем жайлы ештеңе айта алмаймын", - деді Цветков.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова астанада 40 науқастың жасанды тыныс алу аппаратына қосуды қажет етіп отырғанын айтты.

Жаңалықтар
0