Өңірлер

Атырауда емхана басшылығы дәрігерлерден ақша жинағаны әшкере болды

© Sputnik / Владислав ВодневТенге, деньги
Тенге, деньги - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша емхана басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырауда дәрігерлерге үстемақы ретінде берілген ақшаны заңсыз жинау фактісін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсыновтың айтуынша, заңсыз ақша жинау фактісі Атырау қаласының №7 емханасында әшкереленді. 

"Қызметкерлерінен үстемақы ретінде төленген қаржыны заңсыз жинау арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша Атырау қалалық №7 емханасының басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу мүдделеріне және ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.", - деді Баржақсынов бүгінгі онлайн брифингте.

Ал Қостанайда облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері мен есепшісі пара алғаны үшін айыпталып отыр. Олар зарарсыздандыру құралдарын жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшартын рәсімдегені үшін коммерциялық ұйым өкілінен алдын-ала келісілген 1 миллион теңгеден 236 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Жаңалықтар
0