НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Ресей Қазақстанға гуманитарлық жүк жіберді. Көрші елдің төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы борты астанаға 8 шілде күні жетті, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.
Гуманитарлық көмек ретінде медициналық бетперде, қорғаныс костюмдері мен қажетті препараттар жеткізілді. Алдағы уақытта Ресейден тағы бірнеше рейс келеді.
Көрші елден гуманитарлық көмек коронавируспен бірлесе күресу жөніндегі келісім аясында жіберіліп отыр.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі қолдау көрсеткені үшін Ресей үкіметіне алғыс білдірді.
Еске сала кетсек, коронавируспен күресуге көмектесу үшін Қазақстанға ресейлік дәрігерлер келген болатын.