Әлем

Коронавирус ауа арқылы таралуы мүмкін - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

© REUTERS / NIAID-IRFМикрофотография частиц коронавируса в клетке зараженного человека
Микрофотография частиц коронавируса в клетке зараженного человека - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының вирустың таралу қаупін бағалаудағы мұндай өзгерісі адамдар арасындағы 1 метр қашықтықты сақтау жөніндегі қазіргі ұсынысына әсер етуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың ауа арқылы таралуын жоққа шығармайды. Бірақ бұл әлі де зерттеуді қажет ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters.

COVID-19 вирусының таралу жолдары туралы мәліметтерді қайта қарауға шақырған 200-ден астам ғалымның үндеуіне дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері жауап берді.

"Біз COVID-19 вирусының ауа арқылы жұғу мүмкіндігі туралы айтып отырмыз",– деді ұйымның COVID-19 пандемиясы жөніндегі техникалық жетекшісі Мария Ван Керхов.

Ұйым бұған дейін вирус науқастың мұрнынан және аузынан шыққан кішкене тамшылар арқылы тез тарайтынын мәлімдеген болатын.

Ал ұйымның инфекцияның алдын алу жөніндегі техникалық жетекшісі Бенедетта Аллегранци коронавирустың ауа арқылы таралуының дәлелі бар екенін айтқанымен, түпкілікті қорытынды жасауға әлі ерте екенін атап өтті.

"Адамдар көп жиналатын жабық әрі нашар желдетілетін қоғамдық орындарда вирустың ауа арқылы берілу мүмкіндігін жоққа шығармаймыз. Алайда, дәлелдер жиналып, түсіндірілуі керек және біз бұл істі жалғастыра береміз", - деді ол.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының вирустың таралу қаупін бағалаудағы бұл өзгерісі адамдар арасындағы 1 метр қашықтықты сақтау жөніндегі қазіргі ұсынысқа әсер етуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: Арзан әрі тиімді: ДДҰ короновирусты емдеудегі ғылыми серпіліс жайлы хабарлады

Айта кетейік, бұған дейін екі жүзден астам ғалым Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына ашық хат жазып, SARS-CoV-2 коронавирусымен күресу жөніндегі ұсыныстарды тез арада қайта қарауға шақырған болатын. Олардың мәліметі бойынша вирустың адамдарға ауа арқылы жұғуы мүмкін екендігіне дәлелдер жеткілікті.

Жаңалықтар
0