Өңірлер

Шөкеев карантинді қатаң сақтау қажеттігін ескертті  

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиВиды города Туркестан
Виды города Туркестан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандардың саны 2 мыңнан асты. Қауіпті індеттен 33 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Түркістан облысында соңғы бір аптаның ішінде 360 адам коронавирус індетіне шалдыққан. Бұл туралы өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев төрағалық еткен отырыста белгілі болды.

Соңғы мәліметке сәйкес, аталған індетпен тіркелгендер саны 2 мыңнан асты. Коронавирустан 33 адам көз жұмды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Оқи отырыңыз: Желіге видео салып, елді шулатқан түркістандық дәрігердің қызметі өсті 

Шөкеев Түркістан облысының аумағында 5-20 шілде аралығында енгізілген карантиндік шектеу шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Осыған орай, барлық аудан, қала әкімдері, басқарма басшылары мен тиісті мемлекеттік органдар шектеу шараларына сәйкес жұмыс атқаруы тиіс.

Жаңалықтар
0