Қоғам

"Шешуші кезең болады": Тоқаев коронавирусқа қатысты жағдай туралы айтты  

© Sputnik / Тимур БатыршинМедик в защитном костюме идет по коридору инфекционного госпиталя в Алматы
Медик в защитном костюме идет по коридору инфекционного госпиталя в Алматы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент індетпен күрестің нәтижелі болуы, ең алдымен, барша жұрттың саналы әрекеті мен жауапкершілігіне байланысты екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қатысты жағдайдың тұрақталатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Құрметті отандастар, баршаңызға мәлім, қазір әлемдегі пандемияға байланысты қалыптасқан жағдай күрделене түсуде. Коронавирустың таралуы бәсеңдемей отыр. Кейбір елдерде бұл індет қайтадан ушығып бара жатыр. Әлем бойынша осы вирусты жұқтырғандардың саны, шамамен, 12 миллионға жетті. Соның салдарынан 500 мыңнан астам адам қайтыс болды", - деді Тоқаев бүгінгі телеүндеуінде. 

Президенттің айтуынша, бүгінде Қазақстанда ғана емес, басқа мемлекеттерде де карантин күшейтілді. Әуе мен көлік қатынасы қайтадан шектелді. Ал елімізде екі апталық карантин жарияланды.  

"Жағдайдың тұрақталатыны сөзсіз. Оның алғашқы белгілері де бар. Сондықтан, алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең болмақ. Барлық азаматтарды тағы да карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырамын. Індетпен күрестің нәтижелі болуы, ең алдымен, барша жұрттың саналы әрекеті мен жауапкершілігіне байланысты. Бұл  – өте қауіпті, батпандап кіріп, мысқалдап шығатын дерт", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Тағы оқыңыз: Тоқаев ұлттық аза тұту күнін жариялады

Жаңалықтар
0