Өңірлер

Шымкент әкімі дәрі-дәрмек сатып алуға қатысты кеңес берді 

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуПарацетамол
Парацетамол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде медициналық ұйымдар қажетті дәрі-дәрмекті "СК-Фармация" компаниясы мен ресми дистрибьюторлар арқылы алып отырады

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов еріктілер арқылы дәрі-дәрмекті таратуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Негізі, рұқсат етілетін қызмет түрлері бар. Ал рұқсат болмаса, еріктілер де бұл қызметпен айналыса алмайды. Бұл – заң талабы. Мысалы, дәрі-дәрмекті тарату мәселесіне келетін болсақ, ол қалай сақтайды? Сапасы қандай? Науқас оны ішкеннен кейін кері әсер болмай ма? Оған ешкім кепілдік бере алмайды", - деді Әйтенов бүгінгі онлайн брифингте. 

Әкімнің айтуынша, қазіргі кезде медициналық ұйымдар қажетті дәрі-дәрмекті "СК-Фармация" компаниясы мен ресми дистрибьюторлар арқылы алып отырады. 

"Біз басқа дәрілерді қабылдай алмаймыз. Иә, қазір көбісі дәрі-дәрмекпен, сосын естуімше, оттегімен көмектескісі келеді. Алайда медициналық препараттарды арнайы компаниялар жеткізеді және оның бәрі халыққа тегін беріледі. Қазіргі кезде біз "СК-Фармациямен" жұмыс істеп жатырмыз. Апта сайын дәрі-дәрмек жеткізіледі. Біз ол дәрімен 2 мыңнан астам адамды емдеп шығардық", - деп атап көрсетті Әйтенов.

Тағы оқыңыз: Дәрігер қайтыс болған әріптестерінің тізімін жариялады - басқарма түсініктемесі

Жаңалықтар
0