Қоғам

Ақтауда табылған арыстанға Назарбаевтың немересі вольер салып беретін болды

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуЛьвица в зоопарке, архивное фото
Львица в зоопарке, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арыстанды иесі мәскеулік цирктің мамандарына бергенімен, олар Симбаны алып кете алмайтынын айтқан

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев Симба атты арыстанға вольер салып беретінін мәлімдеді.

"Достар, Алматы зообағында Симбаға жаңа вольер салып беруге шешім қабылдағанымды жеткізейін деп едім. Соңғы күндері Ақтаудағы арыстанның күшігі туралы жаңалықтарды оқып тұрдым. Иесі оны тастап кетіпті. Мен де қатты алаңдадым. Симбаның тағдыры қазақстандықтар арасында үлкен резонанс туғызды. Оған да қуаныштымын. Бәріміз оның өмірі үшін алаңдадық", – деп жазды Әлиев өзінің Instagram парақшасында.

Жаңа вольер Нұрәлі Әлиевтың Snow Leopard Foundation қоры есебінен салынады. Осы орайда, қор жетекшісі Алматы зообағының басшылығына әріптестік үшін алғысын білдірді.

"Симбаға жаңа үй ұнайды деп сенеміз", – дейді бизнесмен.

Нұрәлі Әлиев – ірі қазақстандық бизнесмен, экономист, филантроп. Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен немересі.

Симба қайдан келген?

Маусым айында Маңғыстау облысындағы Ақшұқыр кентінің тұрғындары таңғы сағат 5:30-да далада жүрген арыстанды видеоға түсіріп, желі арқылы таратқан болатын. Оқиға орнына құқық қорғаушылар мен табиғатты қорғау мамандары барды. Олар арыстанды ұстап, иесін анықтады. Сөйтсе, Симба Ақтаудағы жеке меншік үйден қашып кеткен. Иесі одан бас тартты.

Жануарды Ақтаудағы мәскеулік цирктің мамандарына уақытша берген. Өйткені, олар COVID-19 пандемиясына байланысты Ақтаудан шыға алмай қалған.

Оқи отырыңыз: Желіде Ақшұқыр ауылын аралап жүрген арыстанның видеосы тарады

Жақын арада мәскеулік цирк ары қарай кетеді. Бірақ цирк мамандары Симбаны алып кете алмайтынын айтты.

Алматы қаласының зообағы абданға көмектесуге келісті.

Жаңалықтар
0