Қоғам

Алматыда 125 жылдан кейін ауа температурасының рекорды қайта жаңарды

© Sputnik / Тимур БатыршинВиды Алматы
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық метеорологтар жаздың алғашқы айында Нұр-Сұлтан мен Алматыда тәулігіне түскен жауын-шашынның рекордтық мөлшерін хабарлады

АЛМАТЫ, 8 шілде – Sputnik. "Қазгидромет" мамандары 2020 жылдың басынан бері Қазақстан аумағында тіркелген ауа райындағы бірқатар ауытқулар туралы айтты.

2020 жылдың маусымында Нұр-Сұлтандағы жауын-шашын мөлшері рекорд орнатты, бұл айда 98 миллиметр жауын-шашын түсті. Бұл шамамен үш айлық нормаға сәйкес келеді.

27 шілдеде жаңбырдың ең көп мөлшері жауды. Осы күні елордада 39 миллиметр жауын-шашын түсті, бұл маусым бойы жауатын жаңбырдан екі миллиметрге артық.

"Елордада 2020 жылдың І жартыжылдығындағы ең жылы күн 26 мамырға тура келді. Бұл күні сынап бағанасы 36,1 градусты көрсетті. Нұр-Сұлтанда 2001 жылы дәл осы күні 33,8 градус болған. Рекорд жаңарды, - деп хабарлады Қазгидромет.

Ал Алматыда 15 сәуірде жауын-шашынның ең көп мөлшері түсті.

"Тәулік ішінде шамамен 39 миллиметр жаңбыр жауды", - делінген синоптиктердің хабарламасында.

4 маусымда Алматыда күн ыстық болды. Осы күні ауа температурасы 34,5 градусқа дейін көтерілді. Бұл көрсеткіш 1895 жылдағы ең жоғары температура рекордының орнын басты. Ол кезде ауа температурасы 32,5 градусқа дейін көтерілген болатын.

Жаңалықтар
0