НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан көз жұмғандарды ұлттық аза тұту күнін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын", - деді Тоқаев.
Оқи отырыңыз: Тоқаев ел азаматтарын дүрбелеңге салынбауға шақырды
Президент коронавирусқа қарсы күрестің жалғаса беретінін жеткізді.
"Бұл індетті адамзат жуық арада жеңе қоймас. Алайда уайым мен қайғыға батып, түрлі қауесеттерге сеніп, еңсемізді түсіруге тағы да болмайды. Салмақты, сабырлы болайық. Біздің жұмысымыз айқын, қоғам алдында еш нәрсені жасырмай, ашық айтамыз. Болашақта да солай болады", - деп атап өтті мемлекет басшысы.