Қоғам

Желіге видео салып, елді шулатқан түркістандық дәрігердің қызметі өсті

© Sputnik / Тимур БатыршинМодульный госпиталь разделен на "грязную" и "чистую" зоны
Модульный госпиталь разделен на грязную и чистую зоны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Келес аудандық ауруханасының дәрігері түсірген видео желіде қызу талқыланып, кейін оның жұмыстан шығарылғаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медициналық қолғаптың сапасын сынға алып, желіде видео жариялаған дәрігердің қызметі өскенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мәселен, жақында Түркістан облысында дәрігер медициналық қолғаптың жыртылып жатқанын видеоға түсіріп, желі арқылы таратқан. Содан кейін оны жұмыстан шығарып жіберді. Халық арасында резонанс болды. Біз де осы мәселеге араластық. Қазіргі кезде ол дәрігер басқа клиникаға ауыстырылды. Қызмет бабы өсті. Бөлім меңгерушісі қызметіне тағайындалып отыр", - деді Цой бүгінгі онлайн брифингте.

Министр медициналық қолғаптың не себепті жыртылғанын да түсіндірді. Оның айтуынша, роликте көрсетілген медициналық қолғап гуманитарлық көмекке арналыпты. Өлшемі де дәрігердің қолынан кішкентай болған.

"Дегенмен, біз медицина қызметкерлерінің құқықтарын әрқашан қорғаймыз. Әділетсіздік болса, шағым түсіруге мүмкіндік бар. Министрліктің аймақтық бөлімшелеріне жазуға болады. Әрине, бәрін заң аясында шешу керек", - деп атап көрсетті Цой.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында Келес аудандық ауруханасының дәрігері Қайрат Сейдуәлиев түсірген видео желіде тараған болатын. Онда маман операция жасау үшін берілген медициналық қолғапты көрсеткен. Оны қолға кигенде жыртылады. Әлеуметтік желіде осы ролик қызу талқыланды. Ал 33 жастағы дәрігер жұмыстан кетті. Ол осы ауруханаға 8 жыл бұрын "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында келген болатын. Соңғы жеті жыл бойы хирургия бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Қазіргі кезде Қайрат Сейдуәлиев Сарыағаш ауданындағы орталық ауруханада қабылдау бөлімінің меңгерушісі болып істейді.

Жаңалықтар
0