Қоғам

28 мың науқас ем алуда: вице-министр пневмониямен ауырғандар туралы айтты

© REUTERS / ALAA AL-MARJANIМедик в защитном костюме смотрит результаты МРТ в больнице с коронавирусом
Медик в защитном костюме смотрит результаты МРТ в  больнице с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінде республика бойынша мыңдаған адам пневмониямен ауруханаға жеткізілгенімен, ПТР-тесттің нәтижесінде коронавирус анықталмай отыр

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі пневмониямен ауруханаға түскен науқастардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министр Ажар Ғинияттың айтуынша, бүгінде республика бойынша мыңдаған адам пневмониямен ауруханаға жеткізіледі. Ал ПТР-тесттің нәтижесінде коронавирус анықталмайды. 

"Бүгін ел бойынша стационарларда ПТР нәтижесі теріс, пневмониямен 28 000 пациент ем алуда. 98,9 процент науқастардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. Солардың ішінде 330 пациенттің жағдайы ауыр", - деді Ғиният бүгінгі онлайн брифингте.

Бұдан бөлек, стационарларда жедел респираторлық вирусты инфекциямен немесе тұмаумен 4 000-нан астам науқас емделіп жатыр. Олардың ПТР-тесті де коронавирустың жоқтығын көрсетті.

Оқи отырыңыз: Пневмония эпидемиясы: коронавирус қайда кетті?

Айта кетейік, республика бойынша бір тәулікте коронавирус жұқтырған 1 109 адам анықталды. Олардың ішінде ауру белгілері бар 460 адам және ауру белгілері жоқ 649 науқас бар. Осылайша, коронавирус инфекциясына шалдыққандардың жалпы саны 49 683 адамға жетті.

Жаңалықтар
0