Өңірлер

Қостанай соты баласын қоқысқа тастаған әйелге ешкім күтпеген үкім шығарды

© Photo : pixabay.comРука младенца, иллюстративное фото
Рука младенца, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сотта әйел нәрестенің тірі туғанын білмегенін айтты. Ол баланы өлді деп ойлап, қоқыс жәшігіне тастап кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Қостанай соты 2019 жылдың соңында жаңа туған сәбиін қоқыс контейнеріне тастап кеткен әйелге қатысты үкім шығарды.

Алғашында бұл іс "Жаңа туған нәрестені анасының өлтіруі" бабы бойынша қаралды. Алайда 7 шілдеде Қостанайдың №2 соты 27 жастағы әйелге "Баланы абайсызда өлтіріп алу" бабы бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды alau.kz.  

Сот босану кезінде патологиялық ауытқу болғанын анықтады. Босанған әйел сәбиді өлі туды деп қателескен. Сондықтан іс басқа бапқа ауыстырылды.  

Қостанай қаласының тұрғыны 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектелді. Сот оның қарамағында екі кішкентай бала бар екенін ескеріпті.

"Алқасы мойнына жабысып қалған": қоқысқа толы пәтерден маугли қыз табылды - видео 

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 23 қарашасында Қостанайда қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің денесі табылған болатын.

Дәрігерлер жаңа туған баланың қоқыс контейнерінде жатқанын, оның басында пакет болғанын айтты. Нәресте клиникалық өлім халінде табылған. Дәрігерлер тірілтуге тырысқанмен, нәтиже шықпады. Жаңа туған нәрестенің денесі мәйітханаға жеткізілді.

Жаңалықтар
0