Өңірлер

Теміртауда балалар үйінен жасөспірім жоғалып кетті

© AFP 2024 / CatherineRЖасөспірімнің көлеңкесі, иллюстративті сурет
Жасөспірімнің көлеңкесі, иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Он төрт жастағы жетім бала балалар ауылынан қашып кеткен, полиция жасөспірімді бірнеше күннен бері таба алмай жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Теміртауда балалар үйінен қашып кеткен жасөспірім іздестірілуде. Бұл туралы Қазақстанның балалар омбудсмені Аружан Сайын отандық БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады.

Баланың ата-анасы көз жұмған, ал оны "SOS" балалар ауылына орналастырған. Алайда жасөспірім қатарластарымен сөзге келіп, балалар үйінен қашып кеткен. Полиция тәрбиеленушіні бірнеше күннен бері іздеп жатыр.  

Балаға қарайласып жүрген тәтесі демалыста оны үйіне апарып, табиғат аясына серуендеуге шыққанын айтты. Бірақ ол тұрғын үй жағдайына байланысты жиенін асырап ала алмайды екен, жасөспірімнің інісін ғана қамқорлығына алған.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысында үш бала тауда адасып кетті, біреуі жардан құлаған

"Артем үлкен болғандықтан, біз оны балалар ауылына беруді жөн көрдік. Ол жақта стандартты балалар үйіне қарағанда жағдай анағұрлым жақсы. Бір отбасының балалары сияқты тұрады", - деді баланың тәтесі.

Жасөспірімнің бойы – 1,46 метр, көзі қоңыр, дене бітімі орташа келген.

Полиция Артемді көрген-білгендер болса, 102 нөміріне хабарласуды сұрады.

Жаңалықтар
0