Андрей Стенин атындағы фотоконкурстың халықаралық қазылар алқасына фотография саласындағы жетекші мамандар кірді. Конурсқа ұсынылған туындылар арасынан таңдалған үздік фотолар қысқа тізімге енгізілді.
Осы жылы талантты фотожурналист Андрей Стенинді еске алуға арналған байқауға әлемнің 75 елінен фотожурналистер қатысты. Олар 5 мыңнан астам туынды жіберді.
Арасынан тек 19 елдің қатысушысы ғана лауреат атанып, қысқа тізімге енді. Атап айтқанда Ресей, АҚШ, Франция, Үндістан, Италия, Испания, Иран, Бангладеш, Германия, Венгрия, Түркия, Беларусь, Оңтүстік Африка Республикасы, Қытай, Ұлыбритания, Австрия, Аргентина, Бразилия және Гаитидің өкілдері болды.
Жеңімпаздардың толық тізімін фотоконкурстың сайтынан көруге болады.
Жас және талантты фотожурналистер өз еңбектерінде көптеген өткір және өзекті мәселелерді, айталық, экологиялық мәселелерден бастап, әлеуметтік және саяси тақырыптарға дейін қозғаған.
Фотоконкурс нәтижесі, сондай-ақ басты жеңімпаздың аты-жөні осы жылдың қыркүйек айында белгілі болады.
Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауы – 18-33 жас аралығындағы жас фоторепортерлер үшін жыл сайынғы байқау. Өтінімдер жыл сайын "Россия сегодня" ХАА-нің фотокорреспоненті Андрей Стениннің туған күніне орай 22 желтоқсанда қабылдана бастайды.
Андрей Стенин 2014 жылдың тамыз айында кәсіби міндетін орындау кезінде мерт болды.