Қоғам

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егіледі

© REUTERS / YVES HERMANЗертхана қызметкері вакцина жасау үшін зерттеу жүргізіп жатыр
Зертхана қызметкері вакцина жасау үшін зерттеу жүргізіп жатыр  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, екпе жасалатын қазақстандықтардың болжамды саны –  2,3 миллион адам

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егілетінін айтты.

"Болжам бойынша вакцина 65 жастан асқан, жүрек-қан тамыры ауруы, қант диабеті, созылмалы өкпе аурулары бар адамдарға және медицина қызметкерлеріне салынады", -деп мәлімдеді министрліктен.

Екпе егілетін адамдардың болжамды саны – 2 миллион 347 мың.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялауды жоспарлау вакцина әзірленіп, клиникалық сынақтан өткен соң ғана басталуы мүмкін.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда өткен тәулікте 1 403 адамнан коронавирус табылды

"Қазіргі таңда вакцина әлі әзірленген жоқ және бағасы да белгіленбеген", - деді ведомстводағылар.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі елде вирусты қайта жұқтыру жағдайлары тіркелмегенін атап өтті.

6 шілдедегі мәлімет бойынша республикада барлығы 48 574 адам індетке шалдықты.

Жаңалықтар
0