Қоғам

Грузиядан Қазақстанға гуманитарлық көмек келді

© Sputnik / Павел Львов / Медиабанкке өту Аппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото
 Аппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Грузиядан жеткен гуманитарлық көмек Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық мекемелерге тапсырылатын болады

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Грузия Қазақстанға 10 дана жаңа жасанды тыныс алдыру аппаратын гуманитарлық көмек ретінде жіберді. 

Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, гуманитарлық көмек 6-шы шілде күні таңертең Тбилисиден Алматыға жеткізілген.

"10 дана жасанды тыныс алдыру аппаратынан құралған гуманитарлық жүк келді. Құрылғылар Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық мекемелерге тапсырылатын болады", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі достық пейілдегі Грузия халқы мен "Грузияның индустриялық тобының" басшысы Давид Бежуашвилиге коронавирустық пандемиямен күресте көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазіргі кезде республикада 3 294 жасанды тыныс алдыру аппараты жұмыс істеп тұрғанын мәлімдеген. Ал өткен айда 978 дана сатып алынды. Сонымен қатар, мыңға жуық тыныс алдыру аппаратын сатып алу жоспарлануда.

Оқи отырыңыз: Грузия білім реформасын қалай іске асырады: премьер-министр елдің тәжірибесімен бөлісті

Айта кетейік, республикада вирус жұқтырғандар саны 48 574 науқасқа жетті.

Жаңалықтар
0