Қоғам

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны артты

© Sputnik / Тимур БатыршинПробирки с пробами для анализа на коронавирус в мобильной лаборатории в Алматы
Пробирки с пробами для анализа на коронавирус в мобильной лаборатории в Алматы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін денсаулық министрлігі коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын әр аптаның соңында жариялау туралы шешім қабылдаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 5  шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясынан қайтыс болған науқастардың жалпы санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінде коронавирус инфекцияның 47 171 жағдайы тіркелген. Бір тәуліктің ішінде 1 452 науқас анықталды. Күнделікті өсім 3,2 процентті құрап отыр. Қайтыс болғандардың саны - 232 адам, бір тәуліктің ішінде, шамамен, 18 науқас", - деді Цой бүгінгі онлайн брифингте. 

Министрдің айтуынша, Қазақстанда коронавирусқа екінші рет шалдығу жағдайлары тіркелген жоқ. Кей кезде тесттің нәтижесі қате шығады.  

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық министрлігі коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасын әр аптаның соңында жариялау туралы шешім қабылдаған болатын. Себебі науқастардың неден қайтыс болғанын анықтау үшін зерттеу жүргізу керек.

Жаңалықтар
0