НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясынын айықтырмайтынын дәрілерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мысалы, қазір бәрі "Цефтриаксон" деген бактерияға қарсы препаратты іздейді. Алайда Қазақстанда осы дәрінің 30-ға жуық атауы тіркелген. Соның ішінде "Цефаксон", "Аксон", "Белацеф", "Севацеф", "Сертоцеф", "ЦЕФ-триаксон", "Ротацеф", "Медаксон", "Зибан", "Цефасон", "Рацифин" және тағы басқа аналогтар бар", - деді Цой бүгінгі онлайн брифингте.
Министрдің айтуынша, вирусқа қарсы препараттар да солай. Қазір көбі "Ингавирин" іздейді. Алайда осы іспетті 23 аналог бар. Олар – "Кагоцел", "Грипповир", "Пановир", "Арбидол", "Амиксин", "Тамифлю", "Ремантадин", "Флустоп", "Намидес", "Арпефлю" және тағы басқа дәрігер.
"Вирусқа қарсы препараттар көп. Алайда ол дәрілер коронавирусты емдеу схемасына кірмейді. Қазір халық оның бәрін жаппай сатып алып жатыр. Бірақ онымен коронавирус инфекциясы емделмейді. Ондай дүрбелең туғызбау қажет. Себебі адамдар дәрігерлерден кеңес алмай, ол препараттарды сатып алады да, өзін-өзі емдеумен айналысады. Оның коронавирусқа қарсы көмегі болмайды", - деп атап көрсетті Цой.