Қоғам

"Бұған жол беруге болмайды": Тоқаев жұртты алаңдатқан мәселе туралы айтты

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев принял участие в церемонии открытия монумента Елбасы в режиме онлайн-конференции
Касым-Жомарт Токаев принял участие в церемонии открытия монумента Елбасы в режиме онлайн-конференции - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы қазіргі пандемия кезінде аса қажетті дәрі-дәрмек бағасын қымбаттатуға болмайтынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті үкімет мен құқық қорғау органдарына дәрі-дәрмекті негізсіз қымбаттауға байланысты туындаған мәселені реттеуді тапсырды.

"Азаматтарымыздың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбатауына байланысты шағымдары орынды. Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылды", - деп жазды президент Twitter парақшасында

Мемлекет басшысы кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты. 

Елдегі дәріханаларда біраз уақыттан бері коронавирус пен респираторлы ауруларды емдеуде қолданылатын дәрі-дәрмекті сатып алу қиындады. Парацетамол мен антибиотиктер дәріхана сөрелерінде мүлдем жоқ деуге болады. Қажетті дәрі-дәрмектің бағасы артты. Пандемия басталған кезде бетперде де қымбаттаған еді.

Билік Қазақстанға препараттардың қажетті мөлшері әкелінгенін мәлімдеген болатын. Олар дәріханаларға үлестіріледі. Арнайы құрылған мониторингтік топ дәріханаларда 41 препараттың болуын қадағалайды. Сондай-ақ, бір адамға 2-3 қаптамадан артық сатылмайды.

Жаңалықтар
0