НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 47 171 адамға жетті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Өткен тәулік ішінде елде індетке шалдыққан тағы 1 452 адам тіркелді, олардың 528-і симптомды, ал 924-і – симптомсыз науқастар.
Қазақстанда карантин күшейтілді
Вирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты бесінші шілдеден республикада жаңа карантин жарияланды. Күшейтілген карантин екі аптаға созылады, одан кейін ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда әкім орынбасары қайтыс болды
Қоғамдық көліктің жұмысы шектелді, елордада, тіпті, екі апта бойы жүрмейді. Бірқатар нысан уақытша жабылды.
Өңірлер арасында қалааралық автобустар тоқтады.
Шығыс Қазақстан облысында Өскемен мен Семей қалалары жабылды. Бұған дейін Байқоңыр қаласы жабылған болатын.
Десе де, елде ішкі және халықаралық әуе қатынасы сақталған, пойыздар тоқтамағанымен, бірқатар шектеу бар. Өңірлер арасында жеке автокөлікпен жүруге рұқсат етіліп отыр.