Қоғам

5 шілдеден карантин басталады: ішкі істер министрі ескерту жасады

© Sputnik / Тимур БатыршинПолицейский в маске на площади "Астана" в Алматы
Полицейский в маске на площади Астана в Алматы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ішкі істер министрі азаматтарды ресми дерекке сенуге шақырып, жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елімізде 5 шілдеден бастап карантин енгізілетінін айтып, полицейлер қызметі күшейтілген ерекше режимге ауысатынын мәлімдеді. Сонымен қатар жалған ақпарат таратқандар үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Карантин кезінде ішкі істер органдары арнайы қызмет режиміне өтеді. Сондықтан да біз азаматтарды әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтап, көпшілік іс-шаралар өткізбеуге және мейлінше адамдармен байланысты азайтуға шақырамыз. Коронавирустың таралуын болдырмау бойынша шектеулі шараларды қамтамасыз етуде полицейлер денсаулық сақтау органдары мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерге жан-жақты көмек көрсететін болады", - деді Тұрғымбаев.

Сонымен қатар, министр ел азаматтарын тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды.

"Көрінеу жалған ақпарат таратқан авторлар мен таратушылар анықталып, жауапқа тартылады", - деді Тұрғымбаев.

Сондай-ақ, министр бірлескен күш-жігердің арқасында "шыдамдылық пен түсіністік танытып, қолайсыз режимде қызмет ететін медицина қызметкерлері мен полицейлерге көмектесу" арқылы қазақстандықтар коронавирус қауіпіне төтеп бере алатынын баса айтты.

Қазақстанда 5 шілдеден жаңа карантин басталады

2020 жылдың 5 шілдесінен бастап Қазақстан карантин шараларын қайта күшейтеді.

Карантин жағдайында қала маңындағы жолаушылар пойыздарының (пойыздар, жұмыс пойыздарын қоспағанда) қозғалысы тоқтатылып, ішкі және халықаралық рейстер жалғасады. Ал аймақтар арасында жеке көлікпен қатынауға рұқсат етіледі. Қалааралық жолаушылар автобусының қызметі уақытша тоқтатылатыны хабарланды.

Оқи отырыңыз: Карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылады – Тоғжанов

Қоғамдық көлік таңғы сағат 06:00-10:00 және кешкі 17:00-21:00 аралығында қатынайтын болады. Күндізгі уақытта үзіліс жасалады.

Мемлекеттік бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова қол қойған 5 шілдеде күшіне енетін шектеулердің қаулысымен мына жерден таныса аласыз.

Жаңалықтар
0