Қоғам

Мәжіліс депутаты ерікті атанды: Смирнова жаңа қызметі туралы айтты

Жазылу
Yandex newsTelegram
Ерікті депутаттың атсалысуымен өткен келіссөзден кейін Қызыл жарты ай ұйымы "Халық Арена" медициналық орталығына 300-ге жуық қорғаныс костюмін бөлді

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Алматыда әскери далалық госпиталь құрылып, "Халық Аренада" жұмыс істеуге медицина қызметкерлерін қабылдауда. Бұл туралы парламент мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Депутат ел парламенті демалысқа шыққан соң, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасына ерікті ретінде тіркелген.

Алматыда жаңа ауруханалар құрылуда

Коронавируспен күреске Алматыдағы "Қазақстан", "Көктем" шипажайы мен теміржол ауруханасы да жұмылдырылды.

"Қазіргі кезде "Халық Аренада" 1 000 төсек-орын дайындалып жатыр. Бірақ медициналық қызметкерлер жоқ. Ал қалалық денсаулық сақтау басқармасына көмек сұраған 700 медициналық қызметкердің резюмесі түскен. Солардың ішінен жаңа медициналық мекеме ұжымы құрылады", - деді Смирнова.

Оның айтуынша, азаматтар науқастарды емдеп, оларға көмектескісі келеді.

Сонымен қатар жабдықтар сатып алынып, жаңа аурухана керек-жарақпен қамтамасыз етілуде.

"Жақын жерде әскери дала ауруханасы да болады. Денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем машиналарын сатып алуда", - дейді Смирнова.

Дәріханадағы кезек пен дәрі-дәрмек тапшылығы туралы

Дәрілердің жетіспеушілігі туралы мәселе пысықталуда. Қоймаларда дәрі-дәрмектер бар екендігі белгілі болды, бірақ олар дәріханаларға уақытылы жіберілмейді.

"Мәселені сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі зерттеп жатыр. Меніңше, егер осындай жағдайды пайдаланып байып қалғысы келгендер болса, азаматтардың өмірін аямайтын ондай кәсіпкерлерді айдап салу керек. Ондайлар сөзсіз жазалануы керек", - деді депутат.

Ерікті депутат Смирнова немен айналысады

Ирина Смирнова өзінің еріктілік қызметі туралы да айтты.

"Мен өзімнің достарым және құрбыларыммен бірге жұмысқа барғысы келетін еріктілердің тізіміне жауап беремін. Олардың бәріне қоңырау шалып, сөйлесіп, шақыру керек. Қай учаскеге баратынын түсіндіру қажет", - деп түсіндірді ол.

Оқи отырыңыз: "Тест нәтижесін көрсету керек": алматылық ерікті сұхбат берді

Демеушілер іздестіру жұмыстары да жалғасуда.

"Мәселен, кешегі келіссөздерден кейін Қызыл жарты ай ұйымы "Халық Арена" медициналық орталығына 300-ге жуық қорғаныс костюмін бөлді. Бұл денсаулық сақтауды қолдау үшін жасайтын жұмыстарының аз ғана бөлігі", - деп атап өтті Смирнова.

Жаңалықтар
0